Назарбаев: Каддафи Ясир Арафатты маған жіберіп, ядролық қаруды сат деді

7491
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен түсірілген Оливер Стоунның "Қазақ: Алтын адамның тарихы" атты екі сағаттық деректі фильмнің жабық көрсетілімі болды. Оливер Стоунға Елбасы Қазақстанға 20 млрд доллар ұсынғанын айтқан. 

"Біз ядролық қару жағынан әлемдегі тқртінші арсеналға ие болдық. Маған Маргарет Тэтчер, Джеймс Бейкер келе бастады. Олардың барлығы келіп, "Зымырандарды не істейсіз?" деп сұрады," - дейді Елбасы.

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1994—1999 жылдары Сыртқы істер министрі қызметін атқарған сәтте, көптеген мұсылман елдерінен хаттар ала бастады. Онда ислам елдері "Қазақстан әлемдегі ядролық қаруы бар жалғыз ислам мемлекеті екенін, қаруды сақтау қажеттігін" жазыпты. Сондай хаттың бірінен кейін Қазақстанға Палестина қлттық әкімшілігінің төрағасы Ясир Арафат іс-сапармен келеді.

"Ол келген соң өз атынан емес, достарыңыздың атынан келдім деді. Оны ядролық қару жағын білу үшін Муаммар Каддафи жіберіпті. Әрине менің ойымда ол зымырандарды сату ойымда да болмады. Мен ол зымырандарды сақтау өте қымбат екенін, Қазақстанның шамасы жетпейтінін айттым. "Қанша қаржы керек" деді ол.  Ол кезде қаржы жағын бағамдау қиындау еді, әсіресе доллар бойынша. Сондықтан қалжыңдап, 20 млрд доллар дей салдым.  Жай ғана. Мен бұны қалжың деп ойладым. Алайда Ясир Арафат шынайы тұрғыдан "Мен сіздің сіздің сөзіңізді жеткіземін, сізде ондай қаржы болады" деді",- деп Елбасы бір тарихи сырмен бөліскен.

Елбасы деректі фильмде қаржының түспегенін, түскен жағдайда да алмайтынын айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер