Өзбек шекарасы тыныш емес: жүздеген сарбаз өтіп кетті

4777
Adyrna.kz Telegram

Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Ауғанстандағы жағдай және Өзбекстан шекарасын бұзған ауғандықтар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна".

"2021 жылдың 23 маусымынан бастап Ауғанстан қарулы адамдары бірнеше рет Өзбекстан шекарасынан заңсыз өтуге тырысты. Олардың жалпы саны бүгінде 150 адамға жетті және олардың барлығы халықаралық заңдарға сәйкес тергеу, жауап алу шараларын өткізгеннен кейін жіберілді", деді Асадов.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Ауғанстанның бірде-бір азаматы Өзбекстан аумағында заңсыз баспана алған жоқ және Өзбекстан шекарасы бұған бей-жай қарамасы анық. Өзбекстан болашақта өз аумағына заңсыз кіруге жол бермейді.

«Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіретіні сөзсіз. Біз екі мемлекет арасындағы тату көршілік қатынастардың одан әрі дамуына мүдделіміз және осы мемлекеттің ішкі істеріне араласпауды қолдаймыз», - деп қосты Асадов.

Ауғанстандағы әскери жағдай 2021 жылы мамырда АҚШ пен оның одақтастары өз әскерлерін елден шығара бастаған кезде күрт нашарлады. Талибан содырлары шабуылға шықты. Қазіргі уақытта олар ауылдық жерлердегі маңызды аумақтарды иеленіп, ірі қалаларға шабуыл жасай бастады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер