Алмасбек Садырбаев Бас мүфтиге ұсыныс жасады

4864
Adyrna.kz Telegram

Биылғы Құрбан айтта малды жөн-жосықсыз соймай, бар малды сақтап қалу және жиналған қаражатты қуаңшылық болып жатқан Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына көмек ретінде беруге пәтуа шығару туралы Бас мүфтиге ұсыныс жасалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бас мүфтиге мұндай ұсынысты "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының "Ашық алаң" бағдарламасында Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев  жолдады.

— Алда Құрбан айт келе жатыр. Біз садақамызды бердік. Қазір бірқатар өңірлерде мал қырылып жатыр. Осы айтта жиналған қаражатты қуаңшылық болып жатқан Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жіберейік. Бас мүфтиге биыл жөн-жосықсыз мал соймай, бар малымызды сақтап қалу үшін пәтуа шығару туралы ұсыныс білдіремін. Осындай қиын кезеңде өліп жатқан құлындарды, аналық малды алып қалайық. Ысырап демеймін, дегенмен биыл мұны тоқтату керек. Себебі бұл да көмек болар еді Маңғыстау мен Қызылордаға, — деді Алмасбек Садырбаев.

Айта кету керек, биыл қуаңшылықтың кесірінен Маңғыстауда 1147, Қызылорда облысында 492 бас мал өлген. Осы орайда биыл мал азығын дайындауды жүзеге асыруға мемлекеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінген.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер