Өзбектер Испаниядан жүрдек электр пойыздарын әкелмекші

3776
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Өзбекстанның жүрдек электр пойыздарының паркі жаңа Afrosiyob пойызымен толығады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  centralasia.media-ға сілтеме жасап.

30 маусымда Бильбао портынан (Испания) Санкт-Петербург (Ресей) портына 2 тепловоз және 11 Afrosiyob вагондары келді. Тағы 4 вагон бөлек жеткізілген.

Пойыздың түсірілгендігі туралы фоторепортажды «"O‘ztemiryo‘lyo‘lovchi" баспасөз қызметі жариялаған.

Қазіргі уақытта «Ўзбекистон темир йўллари» мамандары ресейлік әріптестерімен бірге пойызды рельстерге қойып, Өзбекстанға жеткізуге дайындалып жатыр.

2009 жылы мамырда Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың Испанияға сапары кезінде Өзбекстанда жүрдек электр пойыздарының қозғалысын ұйымдастыру жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. 2011 жылдың 22 шілдесінде алғашқы жылдамдықты Afrosiyob  электр пойызы Ташкентке келді, ол 253 км / сағ жылдамдықпен Ташкенттен Самарқандқа дейінгі 344 шақырымды 120 минутта жүріп өтті.

2017 жылдың наурызында Өзбекстанға үшінші, ал сәуірде төртінші дәл осындай пойыз әкелінген.

Биыл қыркүйекте тағы екі пойызды (11 вагондық) әкелу, сондай-ақ бұрын сатып алынған екі пойызға тіркейтін тағы  бөлек 4 вагон жеткізуді көздеп отыр. Бұл Afrosiyob пойыздарының Өзбекстанға бесінші жеткізілімі болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер