Екпе алмаған адамды жұмыс беруші заңды түрде жұмыстан шығара алады

2965
Adyrna.kz Telegram

Індетке қарсы екпені әр қазақстандықтың қабылдауы міндетті. Таңдау құқы тек түрлі созылмалы аурулары мен медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтарға беріледі. Әділет министрлігінің мәліметінше, міндетті вакцинация науқаны ойдан шығарылған мәжбүрлі шара емес. Бұл еліміздің Конституциясында жазылған нормаларға сәйкес енгізілген. Оның үстіне, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу үшін Денсаулық туралы кодексте де профилактикалық екпелер егу шарасы көзделген екен. Сондықтан егер әлдекімдер вакцина алудан бас тартса, жұмыс беруші оны екі таңдаудың алдына қоюы заңды. Яғни вирусқа қарсы екпені егеді немесе жұмыстан уақытша шеттетіледі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

«Мәселе, былай ғой. Әрине, әр адамның таңдау құқы бар.  Екпені салам десе, салмаймын десе де, еркі өзінде. Алайда, вакцина алмағандар айналадағы адамдарға, жақындарына, әріптестеріне қауіп төндіретіні анық қой. Сол үшін егер жұмыс беруші «вакцина алмасаңыз, жұмысқа шыға алмайсыз» деген шарт қойса, ол заңғы қайшы әрекет болып саналмайды», - дейді ҚР әділет вице-министрі Наталья Пан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер