Ақтөбелік зорланған баланың жағдайынан аудан әкімі бейхабар болып шықты

2509
Adyrna.kz Telegram

Мектеп дәретханасында 7 жастағы немеремді зорлады деп жанайқайын айтқан ақтөбелік тұрғынға облыстық білім басқармасының басшысы жауап берді. Оның айтуынша, 1-сыныпта оқитын баламды 9-сыныптың төрт оқушысы зорлады деген арызды анасы №3 полиция бөлімшесіне  биыл 31 наурызда түсіріпті. Мектеп басшылығы бұл туралы полиция бөлімінде ғана естіген. Ал зәбір көрген бала болса өзін қорлағандарды нақтылап айта алмапты. Басқарма басшысы егер зорлау дерегі расталатын болса, қатаң жаза қолданылады деп отыр. Тергеу аяқталған соң мектеп әкімшілігіне қатысты шара қолдану мәселесі де көтерілген. Жағдайды аймақ әкімі Оңдасын Оразалин тікелей бақылауына алыпты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Арыз бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет фактісімен қылмыстық іс тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Алғашқы сараптамасының қорытындысы бойынша, зорлық фактісі анықталған жоқ. Кейін баланың ауру тарихы бойынша қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалып, бүгінгі күнге дейін жүргізілуде», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер