Alibaba, Didi... Қытай өз компанияларына соғыс ашты

4176
Adyrna.kz Telegram

Қытай билігі өз нарығындағы ірі компанияларды бақылауда ұстауды 2020 жылдан бастап іске асырып келеді. Бейжің технологиялық құпиялардың сыртқа шығып кетуінен сақтануда. Сонымен қатар ендігі таңда компаниялар тікелей биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болуын қалап отыр. 

Шілденің алғашқы күндерінде жергілікті киберқауіпсіздік саласының мамандары бірнеше тергеуді бірден бастады. 2 шілдеде Didi такси агрегаторының деректер қауіпсіздігінің аудиті жарияланды. 4 шілдеде компания өз қызметін елдегі қолданбалы дүкендерден (мобилдік қосымша) алып тастау туралы бұйрыққа тап болды. 5 шілдеде жұмыс іздеу қосымшасын жасаушы Boss Zhipin тергеуге іліксе, сондай-ақ жүкті жеткізудің онлайн-шешімдерін ұсынатын Full Truck Alliance компаниясын тексеру жұмыстары басталды. Didi мен Boss Zhipin компаниялары жақында ғана нарыққа шыққан болатын.

Билік деректерді сақтау мәселелеріне назар аударуда. Басталған тексерулер қолданыстағы заңнама негізінде жүзеге асырылылып жатыр. Көп ұзамай жаңа ережелер күшіне енеді, олар компаниялардың ақпаратты жинау, сақтау және беру тәсілдерін реттейтін болады. Жеке деректерді қорғау туралы заң да әзірленуде.

Сонымен қатар, Дидиге қатысты қазіргі шағымдардың мәні толығымен айқын емес деп жазады Bloomberg. Аудит компания биржада жария болғаннан кейін екі күн ішінде өткізіле бастаған. Маусымда такси агрегаторы да монополияға қарсы заң бұзушылықтар туралы күдікке тап болғаны айтылуда. Яғни билік аталмыш компанияны мақсатты түрде қысымға алып жатыр.

Бұл шаралар Бейжің технологиялық алпауыттарға қатысты саясатын қатайтып, олардың өсіп келе жатқан ықпалына қарсы күрескеннен кейін жүзеге асырылды. Өткен жылы Қытай билігі әйгілі Alibaba компаниясын қысымға алып, ақыры Джек Ма сәуір айында рекордтық 2,8 миллиард доллар айыппұл төлеген еді. Осылайша Қытай өз нарығындағы ірі технологиялық алпауыттарды қысымға алып, билік ережесімен ойнатуда іске асыруда.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер