Е.Біртанов: Сотқа дейінгі тергеу аяқталды

3574
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Олар министрліктің жаңа ақпараттық платформасын жарамсыз күйінде қабылдап, пайдалануға берді деген айыппен былтыр қамауға алынған. Яғни екеуі де қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болды.

Мәлім болғандай, жаңа платформа денсаулық сақтау саласындағы түйткілдерді жедел шешу үшін науқастар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың мәліметтер қорын біріздендіруі тиіс еді. Алайда ақпараттық жүйе әлі іске қосылмаған.

Қаржылық мониторинг агенттігі келтіргендей, 1,5 млрд теңге мақсатты игерілмеді. Бұдан бөлек, Елжан Біртанов былтыр маусымда санавиация ұшағын жеке мақсатта пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Бұл мәселенің мән-жайы енді сотта белгілі болмақ.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер