Алматы облысындағы демалыс базасында ер адам кәмелетке толмаған қыздарға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталды , деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиғаның жай-жапсары taldykorganec.insta сайтында жарияланды.
Автордың айтуынша, ер адам бассейндегі қыздар мен әйелдерге тиіскен.
Өз кезегінде, әкімшілік «балалар бассейнде жүзбесе де болады» деген мәлімдеме жасады.
"Қызым 17 жаста, жиені 18-де. Сонда қалай? Мен олар үшін ақшаны төледім, онда неге балаларым суға түспей жағада отыруы керек", - деп түсіндірді әйел.
Нәтижесінде қылмыскер табылды. Демалушылар сол ер адамның мас болғанын және 14 - 16 жастағы қыздарға тиіскенін айтты.
Облыстық полиция 5 шілдеде әйелдің 16 жастағы қызының бассейнде жүзіп жүрген кезінде оған бөтен ер адамның тисікені туралы арызын қабылдады.
"Күдікті туралы ақпарат нақтыланды. Ол Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты", деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-б. 1-тармағына қатысты (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) сотқа дейінгі тергеу енгізілді.
"Адырна" ұлттық порталы