Ұлы адамдарды не біріктіреді?

2955
Adyrna.kz Telegram

Біз данышпандардың айтқанына құлақ асамыз, пікірлеріне сүйенеміз. Олардың ойын сөз арасында мысалға келтіре сөйлейміз. Десе де, данышпандарды не біріктіреді? Олардың басқа адамдардан қандай айырмашылығы бар? Осы және өзге де сұрақтарға бірге жауап іздейік.

Мәселен, физика ғылымына зор үлес қосқан Альберт Эйнштейн қатарластарына қарағанда кеш сөйлеген. Мектепте де үздіктер қатарында болмаған. Десе де данышпанның өмірінде орын алған мұндай уақиғалар оның физика тарихында аты қалуына еш кедергі болмаған.

Бала кезден бері жүзін доллардан танитын Бенджамин Франклинге тоқтала кетейікші. Мектепте білім алмағанына қарамастан, өз бетінше ізденіп, дара жолын қалыптастыра білген тұлғаны бүгінде білмейтіндер кемде кем.

Данышпан дегенде, Леонардо да Винчиді айта кетпеске болмас. Ол суретші ретінде де, ғылым адамы ретінде де ерекше ойлай білген креатив иесі. Күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған «Мона Лиза» картинасы сөзімнің бірден бір дәлелі. Бір қызығы, до Винчи ерекше ойлай алатын адам болған. Сондай-ақ, оны күнделікті өмірдегі қарапайым детальдар емес, қолтырауынның жағы, адамдардың бет пішіні мен айдың сәулесі сынды ерекшеліктер қызықтырған. Оның қиялы дәл баланың армандары дерсің.

Ұзын сөздің қысқасы, ұлы адамдарды не біріктіреді? Оларды креативті ой, ерекше армандарын жүзеге асыру жолындағы тұрақтылығы біріктіреді. Сондай-ақ, таптаурындарды оңай бұза алады. Ешкім ешкімнен артық не кем емес. Бәлкім, сіз де тарихта аты қалатын тұлға шығарсыз. Бәрі де мүмкін!

Назерке Әсетова

Пікірлер