Биылғы жылдың үздік өнертабысын білесіз бе?

308

Шетелдік "Timе" журналы биылғы жылдың ең үздік техникалық өнімдерін оқырман назарына ұсынып отыр.

Сонымен биылғы тізім бойынша журналдың "Қосымша және софт" бөлімінде Neeva қауіпсіз іздеу жүйесі, Subdial баспа қосымшасы, MTA Live Subway Map интерактивті картасы үздік өнімдер қатарына енген.

Ал VR және AR саласынан журнал Lenovo ThinkReality A3 Smart пен Qualcomm Snapdragon XR2, Google Maps-тың қосымша виртуалды режімін ең үздік деп тапқан.

Тұтыну электроникаларының арасында Paper Shoot Camera фотоаппаратын, Samsung-тың Galaxy Z Flip3 атты жиналмалы-ашылмалы ұялы телефонын, Framework Laptop модульді ноутбугін, Vecnos IQUI атты ақылды селфи-таяқшаны, JLab JBuds Frames смарт-көзілдірігін үздіктер қатарына қосыпты.

Авторлар денсаулық сақтау саласында үздік өнертабыс ретінде COVID-19 пен безгек ауруына қарсы вакцинаны таныған.

Айта кеткен жөн, былтыр "Time" журналы PlayStation 5 пен Xbox Series X ойын тақташасын, Samsung Sero теледидарын, Microsoft Surface Duo жабылып-ашылмалы қалта телефонын үздік деп тапқан еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы