Гей-парад қарсыластары Тбилисидегі ұйымдастырушылардың кеңсесіне баса көктеп кірді

3589
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше адам балконға көшеден көтеріліп, ЛГБТ туын құлатып, кейін ғимараттың ішіне баса көктеп кірді, деп хабарлайды "Адырна" порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Тбилисидің орталығына бірнеше мың адам жиналды, олар ЛГБТ шеруіне жол бермеуге ниетті. Олар журналистерді жыныстық азғындық идеяларын насихаттайды деп айыптап, оларға шабуыл жасады.

"Сонымен қатар, демонстранттар оппозиция былтыр қараша айында парламенттің жанында тіккен бірнеше шатырды бөлшектеді", делінген хабарламада.

Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили үкімет отырысында сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларды жоспарларынан бас тартуға шақырды.

Бұған дейін «Тбилиси Прайд» үкіметтік емес ұйымы жыныстық азшылықтармен ынтымақтастық апталығын жариялады, ол 5 шілдедегі "Қадір-қасиет маршымен" аяқталуы керек болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер