Алматыда жігіт пен қыздың жанжалы жұрттың көзінше төбелеске ұласты

886
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматыдағы танымал жаяу жүргіншілер көшесі — Арбатта жігіт пен қыздың арасындағы жанжал жұрттың көзінше төбелеске ұласты. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Кадрлардан байқағандай, жанжал кешкі уақытта болған. Дегенмен нақты күні әзірге белгісіз. Бейнежазбада жігіт қызға бірнеше ауыр соққы жасағаны көрінеді.

Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Күдікті міндетті түрде ұсталып, заң алдында жауап береді», – деді ведомстводан.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10 сәуірінде Алматы облысының Өтеген Батыр ауылында да балаға шабуыл жасалып, ол ауруханаға жеткізілген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер