Танымал америкалық режиссер Елбасы туралы фильмнің трейлерін жариялады

1827

Танымал америкалық кинорежиссер, Оскар сыйлығының иегері Оливер Стоун “QAZAQ History Of the Golden Man” («QAZAQ: Алтын адамның тарихы») деректі фильмінің трейлерін ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Туындыда Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы айтылады. Сондай-ақ Оливер Стоунның Елбасымен болған сұхбатынан үзінділер келтірілген.

Жоба авторы деректі фильмнің сегіз сағатқа созылатынын мәлімдеді.

«Назарбаевты өзіңіз қалағандай атаңыз: диктатор, мықты адам, тиран, құрылтайшы. Десе де, соңында сіз елдің тәуелсіз болуын маңызды деп санайтын, ядролық қарудан бас тарту туралы ойлайтын қарапайым адамды көресіз»,—деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы