Ақтөбеде Триатлон паркі ашылып, футболдан турнир өтті

1968
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбеде Елорда күніне орай Триатлон паркі ашылып, футболдан халықаралық турнир ұйымдастырылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елорда күніне арналған «Денсаулық жарысы» спорттық шарасы жаңадан пайдалануға берілген Триатлон паркінің аумағында өтті.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында пайдалануға берілген Триатлон паркінің ұзындығы — 2,5 шақырым. Мұнда велосипедшілерге, жеңіл атлеттерге және жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақтар бар.
Шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин тәуелсіздік жылдарында облыс көлемінде бұқаралық спортқа жақсы көңіл бөлініп, спорттық шаралар мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты жағдай жасалып жатқанын атап өтті. ​ ​ ​ ​ ​
- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл шара қаламыздағы көптеген спортсүйер қауымының көз қуанышына айналып отыр. Мереке қарсаңында Батыс өңірінде теңдесі жоқ триатлон саябағында жаяу жүргіншілерге, велошабандоздарға және жүгірушілерге арналған жол ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Алдағы уақытта саябақтың ішін абаттандырып, отырғыштар қойып, түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын одан әрі арттыра түсеміз. Бұл саябақта қала тұрғындарының емін-еркін серуендеп, спортпен шұғылданып, жақсы демалуына барынша қолайлы жағдай жасалатын болады, —  деді О.Сейілұлы.​ ​ ​
Бұдан кейін облыс әкімі Қазақстан Тәуелсіздігінің ​ 30 жылдығына және Елорда күніне орай футболдан облыс әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған V халықаралық турнир жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысты.
Турнирге 8 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша көршілес Өзбекстан Республикасының «Бунедкор» командасы І орынды жеңіп алса,  ІІ орынды Ақтөбе футбол командасы, ІІІ орынды өзбекстандық «Насаф» футбол командасы иеленді.​
Шарада Ақтөбе облысы әкімінің кубогы турнирі ең перспективалы және дәстүрлі түрде бола алатын барлық мүмкіндіктерге ие болып отырғандығы айтылды.​
Шаралардан кейін  өңір басшысы Ақтөбе қаласындағы «Ten Qogam» мүгедектерді әлеуметтік қолдау орталығын аралап көрді.
«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі директоры Құралай Байменова облыс әкіміне жаңа ғимаратты көрсетіп, ұйымның жұмысымен таныстырып өтті. ​ ​
Атап өтейік, бүгінгі күні облыста 27 550 мүгедек тұрады, оның ішінде 4 292 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Бұл жоба «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» жол картасы аясында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты - мүгедектерді психологиялық қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және іздеу, жұмысқа орналастыру және жұмыс орнын сақтау саласындағы әлеуетті арттыру, мүгедектерді тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйрету мақсатында тиімді өмір сүру оларды қоғамға бейімдеу. Орталықта құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа мәселелер бойынша ақпараттық, консультациялық және ресурстық қолдау, күнделікті және әлеуметтік дағдыларды, сонымен қатар қазіргі заманғы адамның дағдыларын үйрету жұмыстары жақсы жолға қойылған. Мұнда жыл аяғына дейін ай сайын 30 және одан да көп адамға мүмкіндігі шектеулі 200 адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр. 2021 жылы облыста жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қолданыстағы бағдарламалары шеңберінде 883 мүгедекті жұмысқа орналастыруға көмек көрсету жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 479 мүгедек немесе 54,3% тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер