TikTok әлеуметтік желілер арасында жастар үшін ең қауіпті қосымша екендігі анықталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кәсіби қолданушылары қауымдастығының сарапшылары TikTok қосымшасында жасөспірімдер арасында суицидті насихаттайтын «көк кит» тақырыбына байланысты әр түрлі жолмен 1,7 мыңға жуық видео анықтаған.
Осылайша бүгінде жастар арасында кеңінен танымал болған бұл қосымшаның жастардың санасын улап, оларды суицидке "үгіттейтінін" мамандар мойындап отыр.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кәсіби қолданушылар қауымдастығы TikTok-тың өлім топтарына қатысты хэштегтермен мазмұнды тарату бойынша абсолютті көшбасшыға айналғанына алаңдайды және Роскомнадзордан өзін-өзі өлтіруге қарсы іс-қимылдың қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты шетелдік әлеуметтік желілерге қатысты шара қолдануды сұрайды», — делінген аталған қауымдастықтың үндеуінде.
Сарапшылар биылғы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында TikTok-тан басқа Facebook, Instagram және ВКонтакте желілерін зерттеп, жастарды өлімге итермелеу мазмұнындағы материалдарды талдаған.
Ал TikTok қосымшасының өкілдері желіні қолдаушылар үшін ешқандай қауіп жоқ екендігін жеткізген.
Айта кету керек, бұған дейін де шетелдік сарапшылар бұл қосымшаның балалардың психикасының кері әсер ететінін, сондай-ақ TikTok адамдардың жеке мәліметтерін қарайтынын айтқан болатын.
Ал өткен жылы АҚШ үкіметі TikTok пен WeChat "өз пайдаланушыларынан үлкен көлемде ақпарат алады" дегенді алға тартып, бұл қосымшадан бас тарту туралы мәселе қозғаған болатын.
Біздің елімізде бүгінгі күні бұл қосымша барлық азаматтарға қол жетімді болып отыр. Әсіресе, оқушылар мен студенттер бұл желіде белсенді.
"Адырна" ұлттық порталы.