Лондонның батысындағы Кенсингтон бағында көпшіліктің сүйіктісі болған Диана ханшайымның мүсіні қойылды. Ескерткішті ханшайымның ұлдары — князьдар Уильям мен Гарри ашты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.
Ханшайымның 60 жылдығына орай рәсім Кенсингтон сарайының жанында орналасқан Санкен бағының құпия бақшасында өткен. Оған князьдардан басқа Диана отбасының мүшелері, мүсінші Ян Ранк-Бродли, ландшафт дизайнері Пип Моррисон және ескерткіштің қамқоршылық комитетінің мүшелері қатысқан. Ескерткіштің ашылуында ханзада Чарльз болмаған.
Мүсіннің ашылуымен бірге көрермендерге Моррисон құрған, ханшайымға арналған жаңартылған мемориалды бақ ұсынылған. "Sunken Garden" бағы Диана ханшайымның Кенсингтон сарайындағы сүйікті орындарының бірі болған. Қазір мұнда ханшайымның сүйікті гүлдері, соның ішінде раушан гүлдері, қызғалдақтар, Dahlias және лаванда гүлдейді. Бақты жасақтау 2019 жылдың қазан айында басталған. Және оны Ұлыбритания король сарайлары мен бақшаларының бастығы Грэм Дилламор бастаған бес бағбан жасақтаған. Мың сағаттық жұмыс уақыты ішінде бағбандар 4 мың гүл еккен.
Уильям мен Гарри Диана ханшайымның мүсінін жасауға 2017 жылы тапсырыс берген. Мүсіннің авторы - британдық Рэнк-Бродли. Мүсінді орнату коронавирустық пандемияға байланысты кешіктірілген.
Айта кету керек, Ханшайым Диана — Уэльдық Чарльз ханзаданың, британдық тақ мұрагерінің алғаш әйелі. 2002 жылғы "Би-би-си" компаниясының жүргізген сауалнамасы бойынша Диана тарихтағы ең ұлы британдықтар тізімінде үшінші орынға ие болған. Ол 1997 жылы 31 тамызда 36 жасында Парижде жол апатынан көз жұмды.
"Адырна" ұлттық порталы.