Facebook әлеуметтік желісіне салған соңғы постында Марк Цукерберг көптеген нетизендердің назарын өзіне аударды. Себеп те жоқ емес, басты мәселе аталған әлеуметтік желілердің жақын уақытта өзгеріске ұшырауы және жаңа функциялардың енгізілуі болмақ.
Автордың хабарлауынша Facebook желісін айтарлықтай өзгерістер күтіп тұрған жоқ, бірақ та әлеуметтік желі ішінде жақын уақытта жарнамалар шоғыры айтарлықтай деңгейде көбейе түспек. Бұл жағдай тауар берушілердің оң жамбасына келмек, және тұтынушылар үшін таңдау еркіндігін ұлғайта түспек,- дейді Цукерберг. Бірақ жарнамалық контенттің тым көбейіп кетуі желі тұтынушыларының көңілінен шығуы екіталай екендігі де белгілі.
Instagram желісіне келер болсақ, бұл платформа айтарлықтай қызықты функциялармен толықтырыла түспек. Алғашқысы-Insta Visual Search қосымшасы. Бұл қосымша арқылы сіз бен біздің кез келген тауарды іздеп, сауда жасауымыз ыңғайлана түспек. Өзіңізге ұнаған тауарды желіге енгізсеңіз болды, платформа сізге іздеген затыңызды сатушы бірнеше дүкендер тізімін мәзіріңізге шығарып береді. Бұл функцияның фейсбуктағы нұсқасы Facebook Marketplace деп аталмақ, және бұл дүкендер жарнама арқылы да өз тауарларын тұтынушыларға ұсына алады.
WhatsApp та өз алаңына онлайн-дүкендерді көптеп шоғырландырмақ. Бірақ мессенджер алдыңғы екі платформа секілді дүкендерді жарнамалаумен айналыспайды, тек сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты нығайту мақсатында жаңа функциялармен толықтырылмақ.
Бұл жаңалықтар Цукерберг айтқандай сіз бен бізді елең еткізер хабарлардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта әлеуметтік желілерге көптеген «құлақ естіп, көз көрмеген» жаңа қосымшалар қосыла бермек. Авторлар айтуынша бұл қосымшалар тұтынушыларды жаңа трендтерге дағдыландырады. Өзіңіз пікір білдіріңіз, аталған «жаңашылдықтар» сіздің көңіліңізден шыға ма?
- Қуандық Көргенов