Үндістан: Ганг өзенінде коронавирустан өлгендердің денелері қалқып шықты

3550
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның солтүстігінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың денелері жаппай су бетіне шыға бастаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Euronews мәліметтеріне сүйенсек, мәйіттер қасиетті саналатын Ганг өзенінде қалқып шыққан. Жергілікті тұрғындар маусымдық су тасқыны терең орналаспаған қабірлерді қозғалтып жіберген. Адамдарды жылдам жерлеген болуы керек. Билік кремация ұйымдастырған. Қазірдің өзінде 150 адам денесін өртеген.

«Біз денелерді қайта шығарып алмаймыз, бірақ су деңгейінің жоғарылауына байланысты қалқып шыққандарын кремациялаймыз. Мәйіттер шоғырланған аймақ бір шақырымға созылып жатыр. Біздің бағалауымыз бойынша, онда барлығы 500-600 адам жерленген болуы мүмкін. Рәсімдер кезінде барлық сақтық шаралары қабылданады», – деді жергілікті шенеунік Нираж Кумар Сингх.

Су бетіне шыққан денелер көктемде коронавирустан қайтыс болғандар деп саналады. Ол уақытта Үндістанның көптеген тұрғыны кремация жасай алмады және өлгендерді Ганг өзеніне ағызып жіберді, құмға көмді.

Өлімнің ресми статистикасы бұл адамдардың санын ескермейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер