Әйелін қызғанып, адам өлтірді

1918
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда жұбайын өлтірген ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы «Р»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Анықталғандай, сотталушы «Р» өз әйелін жәбірленуші «П»-дан қызғаныш үстінде өлтірген. 30.12.2020 жылы сағат 20.00 шамасында, жәбірленуші «П»-ның пәтеріне барып, ол есігін ашқан бойда жұдырығымен ер адамды ұрып құлатқан.

«Одан әрі, «Р» өзінің қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, «П»-ның өлгеніне көз жеткізіп, оның 20 000 теңге тұртын «Нокия» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен»,– делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Р» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9 жыл жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер