Алматыда жігіттер 100 теңге үшін төбелесті

1969
Adyrna.kz Telegram

Жүз теңгенің жыры Алматыда тағы жалғасты. Бұл жолы дау «Бақорда» сауда кешенінде туындады. Автотұраққа кіреберісте тұрған жігіттер жүргізушіден 200 теңге талап еткен. Оның себебі терминалдың істен шығуымен байланыстырған. Дегенмен жүргізуші 100 теңге төлегенін айтып, қондырғының істен шығуы өздерінің мәселесі екенін жеткізеді. Осы кезде ерегес туындап, ақша алып тұрғын жігіттердің бірі былапыт сөздер айтып, қол жұмсауға тырысқан. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіге жарияланды. Полиция оқиғаның Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болғанын растады. Жанжалдасқандарды да анықтаған. Бірақ тараптар арыз жазудан бас тартыпты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Естеріңізге сала кетсек, 30 наурыз күні дәл осындай оқиға «Алтын орда» базарында тіркелген болатын. Онда жүргузіші мен ақша жинайтын азамат 100 теңге үшін жанжалдасып, соңы төбелеспен аяқталған болатын. Бір біріне қарсы шағым түсірген тараптар артынша татуласып тарқасқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер