Тайм-менеджменттен шаршадыңыз ба?

3982
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Бір істі уақытылы тындыру үшін жоспар керек. Бірақ, тек жоспармен жүру шаршататын әрі еркіндіктен айыратын жұмыс.  Ал тым еркінсіп кетсең, атқарылуы тиіс шаруа жайына қалады.

Олай болса, төменге еркіндіктен қағылмай, ісін уақытылы тындырғысы келетіндерге арнап, бірсыпыра кеңес әзірлеп қойдық. Егер тайм-менеджменттен шаршаған болсаңыз, артық энергия жұмсамай, бәріне үлгергіңіз келсе, мына кеңестерге құлақ асыңыз.

КҮНДЕЛІКТІ ӘДЕТТЕР

Күн сайын қайталай беретін ритуалдар тізімін құрастырып қойыңыз. Кесте етіп әзірлеп, бөлмеңіздің көрінетін жеріне іліңіз. Әдетте ритуалдар көп уақытты алмайды. 10 минут жаттығу жасау, 20 минут кітап оқу деген сынды әдеттер күнделікті дамуға өз септігін тигізеді.Ритуалдар дамуға жетелейді. Жетістікке тек жаныңды салып жасаған әрекеттерің емес, аз-аздан, үздіксіз жасалған жұмыстар да көптеп септігін тигізетінін ұмытпайық.

ШҰҒЫЛ ШАРУАЛАР

Кейінге қалдыруға болмайтын шаруалар тізімін жасаңыз. Мәселен, анкета толтыру, почтаға жіберу, сайттың дизайнына өзгертулер енгізу сынды шұғыл шаруаларды жоспарға түртіп қою қажет. Десе де, шұғыл шаруалар маңызды емес, маңызды шаруалар шұғыл емес екенін еске саламыз.

ОРЫНДАУ КҮНІ БЕЛГІСІЗ ШАРУАЛАР

Апта ішінде атқарылуы тиіс, бірақ нақты уақыты белгіленбеген шаруалар болады. Бір қызығы, мұндай шаруалардың белгілі бір дэдлайны жоқ. Соларды ай ішінде немесе апта ішіндегі күндердің біріне қойыңыз. Мәселен, жүзіп үйрену жыл ішіндегі басты мақсатыңыз делік. Жүзіп үйрену үшін алдымен арнайы дәріске жазылуыңыз керек. Дәріске жазылмас бұрын, білікті жаттықтырушыны таңдай алуыңыз маңызды. Бірақ қай күні жүзу сабағанына жазылатыныңыз, қашаннан бастап үйренетініңіз белгісіз болуы  мүмкін. Бұл мақсатыңызды кейінге қалдыра бермес үшін арнайы бір күнді белгілеп, іске кірісіп кету керек.

Бұл тізім несімен пайдалы? Біз кейде графикті толтыру үшін керекті-керексіз шаруаларды тоқтаусыз атқара береміз. Оның пайдасы бар ма, жоқ па, маңызды емес. Қысқасы, пайдасыз дүниеге артық энергия жұмсау арқылы күш-жігерді сарқып алудан абай болыңыз.

 

Назерке Әсетова

 

Пікірлер