Продуктивтілік пен эффективтіліктің айырмашылығы

4497
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Айман: Мен ай сайын екі кітап оқимын.

Шолпан: Сол да сөз боп па? Мен айына төртеуін бітіремін.

Бұл диалогтан Шолпанды нағыз продуктивті дерсің. Уақытын тиімді пайдаланып-ақ жүр. Аптасына бір кітапты бітіре салу ол үшін түкке тұрғысыз. Алайда, ол эффективті ме?

Айман бір кітапты екі апта не одан да ұзақ оқығанымен, барынша тыңғылықты, мұқият болуы әбден мүмкін. Оқыған ақпаратын жазып алып, оны өмірде қолданып, айналасындағылармен бөлісетін шығар. Мұны эффективтілік дейді. Десе де, бұл мысал Шолпанның кітапты атүсті оқи салатынын білдірмейді. Байқағанымыздай, екеуінің продуктивтілігі де, эффективтілігі де әр түрлі.

Продуктивтілік аз уақытта көп жұмыс тындырудан көрініс табады. Ал эффективтілік әрекеттің қаншалықты сапалы болғанын аңғартады.

Көбіне жұмыс берушілер қызметкерден продуктивтілікті талап етеді. Қызметкер тым продуктивті болуы мүмкін. Бірақ аз уақытта көп жұмыс тындырамын деп, күш-жігерін керексіз дүниеге сарп етсе ше?!

Мысалы, аптасына 7 сюжет ұсынатын журналист пен аптасына 2 сюжет ұсынатын журналистің айырмашылығы бар. Неге? Себебі бірі санға, бірі сапаға жұмыс істейді. Бірақ, нәтиже екі түрлі.

Тіпті болмаса, бірнеше тілді қатар үйренуге бел байлаған Дәулет пен бір тілді жақсылап үйренуге күш салған Саулеттің мысалын қарастыруға болады. Сәулет бірнеше тілді қатар үйренбесе де, Дәулетке қарағанда бір тілде еркін сөйлеп кету ықтималдығы жоғары.

Жоғарыдағы мысалдар қарапайым әрі ұғынықты болды деп ойлаймын. Күндеріңіз продуктивті, әрекеттеріңіз эффективті болсын!

Назерке Әсетова

Пікірлер