Елордада вакцина алғандарға екі бөлмелі пәтер берілмек

2630
Adyrna.kz Telegram

Елордада екі бөлмелі пәтер ұтысқа қойылды. Қызығы, вакцина салдырғандардың арасында ойнатылады. Бұл туралы Алтай Көлгінов өз инста парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Елорда әкімінің айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін тұрғындардың 60% вакцинациялануы керек.

"Санитар дәрігерлер қосымша карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакциналау міндетті, вакциналанбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру талап етіледі", - деді Көлгінов.

Әкімдік қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатыр. Ал жаңадан вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

"Ал пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз", - деп атап өтті қала басшысы.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер