Жаз мезгілінде адам ағзасына пайдалы жемістер

2668
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Жадырап жаз шықпай жатып, адамның тәбеті балғын жемістерге ауады. Кей жемістер өз мезгілінен бұрын саудаға шығып жатады. Оларды мезгілінен бұрын жеу денсаулыққа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол тараптан мән берген жөн.

Жаз мезгілі басталып, көктем мезгілі аяқталуға таяу қалғанда құлпынай жемісі өзінің жұпар иісімен тәбетімізді ашады. Біз сүйсініп жейтін құлпынайдың құрамында адамға керек көптеген дәрумендер бар. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Құлпынай ағзаға дәрумен тапшы болған кезде өте пайдалы. Ағзаны тазартып, зәр шығару жолдарын жақсартады. Құрамындағы антиоксиданттар қартаюдың алдын алады. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Шылым тартатындарда қатерлі ісік пайда болу қаупі ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу керек. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын артырғыңыз келсе, ағзаңызға сіңімдірек болуын қаласаңыз, қаймақпен немесе кілегеймен жесеңіз болады .

Келесі кезектегі жеміс ол - шие. Әр адам әр түрлі жақсы көреді. Бірі қышқылын жегенді ұнатса, енді біреуі тәттісін іздеп әлек болады.

Дәмі, түсі және хош иісімен керемет жемістердің қатарындағы шие, аспиринге ұқсайды. Зерттеушілердің айтуы бойынша күніне жиырма дана шие жеу, бір аспирин дәрісін ішкенмен бірдей. Шие қанды сұйылтып, денені тазалайды. Бауыр мен өттің жұмысын жеңілдетеді. Бүйректердегі зиянды заттардың шығуына көмекші болады. Іш қатуын кетіріп, астың қорытылуы қалыпқа түседі. Шиенің құрамында көмірсулар, пектин заттары, органикалық қышқылдар, В2, С және А дәрумендері бар. Сонымен қатар  асқазан, ішек және несеп жолдары ауруларына өте пайдалы болумен қатар, бауыр ауруларына да пайдасы мейілінше зор.

Аш қарынға түскен шие адамды  арықтады. Егер шиені тұрақты тұтынатын болсаңыз, бүйрек және қуық жолдарын құмнан тазалайды.

Ендігі кезекте, жаз десе біздің есімізге қарбыз түсетіні анық. Сол жиі жейтін жемістің пайдасын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Қарбыздың емдік қасиетін туралы ең алғаш арабтар анықтаған. Олар тамақтың алдында қарбыз жеген адамның ағзасы толығымен тазаратынына сенген. Одан кейінгі жылдарда медицина мамандары  қарбыздың аурудан айықтыратын қасиеті бар екенін дәлелдеген.

Халық емінде  қарбызды шемен мен сары ауруға ем ретінде қолданады. Оның дәндері, қабығы мен шырынды бөлігі дәрі жасау үшінде пайдаға асырады. Әдетте қарапайым халық шырынын жаздың күні шөл  басу үшін ішеміз, оның да пайдасы зор. Себебі тәтті бөлігі мен шырыны несеп шығару жолдарын емдейді.

Бірақ әр жемісті өз маусымында жеуге тырысыңыз. Мысалы қарбыздан уланатын адамдар саны еселеп артады. Себебі тез пісу үшін, жасанды жолмен өсіруге көшеді. Ондай қарбыздың сіз ойлағандай пайдасы болмай қалады. Сол сияқты қалағаныңызды қамсыз жеймін деп, қара дерт бас салмасын. Жемістен улану адам ағзасын әлсіретіп жібереді.

Әрбір жемістің пайдасы алуан түрлі. Пайдасын білген соң жиі тұтынуға тырысыңыз. Денсаулық адамға берілген аманат. Аманатқа қиянат жасамайық.

 

  Кенгашова Айсауле

 

.

Пікірлер