Диетологтан кеңес: Салмақ түсірудің тиімді 7 ережесі

400

Дәрігер қатаң әрі қажытатын диеталарды сақтамай, арықтауға көмектесетін жеті кеңеспен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Диетолог Мелисса Мейердің айтуынша, бұл жағдайда ең бастысы — қысқа мерзімді детокс диеталарын ұстанбастан, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру. Әдетте, олар тағамдардың барлық санаттарын тұтынуды шектесе де, ақыр соңында олар тек тамақтанудағы теңгерімсіздікке әкеледі. Порция мөлшерін қадағалау маңызды.

Мейер ешқандай өнімдерден толық бас тартпауға кеңес берді. Оның айтуынша, сіз порцияның мөлшеріне мұқият болуыңыз керек.

- Нан немесе макарон сияқты өзіңіз жақсы көретін тағамсыз жүрудің қажеті жоқ. Бірақ олардан ақылға қонымды мөлшерде ләззат алған дұрыс - дейді ол.

Сондай-ақ, диеотолог көкөністерді көбірек жеп, дәнді дақылдарға артықшылық беруді ұсынады. Оның пікірінше, әр тамақ құрамында ақуыз көбірек болуы керек.

- Жұмыртқа, бұршақ дақылдары, ет, теңіз өнімдері, сүт өнімдері — бұл тағамдардың барлығында аштықты жеңуге көмектесетін ақуыз бар — деп түсіндіреді ол.

Сонымен қатар Мейер денсаулықты нығайту үшін талшықтарды ұмытпауға, үнемі жаттығулар жасауға, шырындарды, газировка, алкоголь және басқа да жоғары калориялы сусындарды сумен алмастыруға кеңес береді. Тағы бір кеңес - саналы түрде тамақтану, яғни аштық сезімі пайда болған жағдайда ғана тамақтану керек екен. 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы