Оңтүстік Америкадағы күн көзінен қуат алатын тұңғыш завод Чилиде бой көтерді

1933
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Менің артымда тұрған мұнараның биіктігі 250 метр және  мұнара күн көзін бойына сіңіріп, оны 10600 айна арқылы қуат көзіне айналдырады

Бұл ақпарат зауыттың ашылу салтанатындағы Чили Республикасының Президенті Себастьян Пиньераның алғысөзі болатын.

Ел президенті бұл қадамға "әрі жақсы, әрі таза әлем үшін" деген баға берді. Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, зауыт энергияны тәулік бойына өндіріп отырады. Бұл үшін жылу энергиясын сақтауға арналған арнайы жүйе орнатылмақ.

Өнертабыс әлемді тазарта түседі деген президент сөзінің басты дәлелі-аталған зауыт бір жыл бойына қоқыс ретінде тасталатын көмірқышқыл газының мөлшерін 600 мың тоннаға кемітпек. Мемлекет шенділерінің айтуынша, аталған тенденция толығымен жүзеге асса, 2050 жылы Чили көмірқышқыл газының қоқыстарынсыз өмір сүреді. Қоршаған ортаның игілігі үшін нық қадамдар басқан кез-келген тұлғаны ұлтына, нәсіліне бөлмей, тек қана бәрекелді дейміз.

 

Көргенов Қуандық

Пікірлер