Өз-өзіне қол жұмсаған сарбаз туралы тың ақпарат шықты

531

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеген сарбаз Еркебұлан Сейілхановтың қайтыс болуы мен оны жерлеуге қатысты таралған ақпаратты ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімі Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен құрамаларына жатпайды. Сол себепті Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпарат бере алмайды. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қайтыс болған Еркебұлан Сейіловтің денесін жеткізу мен жерлеу рәсімдеріне қатысқан жоқ.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-каналы арқылы әскери ведомство басшылығының және Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан қайғылы жағдайда қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Өзіне-өзі қол жұмсау – қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік әл-ауқаттың өзіндік көрсеткіші. Бұл жеке ұжымның ғана емес, қазіргі қоғамның да, оның ішінде әскери ұжымның да өзекті мәселесі.

Ел Қарулы Күштерінің әскери ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға кешенді шаралар қабылдануда. Олар әскери қызметшілердің жоғары моральдық және жауынгерлік рухын қолдауға, бейбіт уақытта қайғылы жағдайлар мен жауынгерлік емес шығындарды азайтуға бағытталған.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы