Алматы полициясының басшылығы Фурманов шыңын бағындырды

535
фото: Алматы ПД
фото: Алматы ПД

Полиция өткен күні ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Фурманов шыңын бағындырды. Шыңды бағындырушылар қатарында Алматы полиция департаментінің басшылығы, аудандық басқармалар мен полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ департаменттің дербес бөлімшелері бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ашығын айтқанда, бұл біздің қызметкерлердің тауға алғашқы рет шығуы емес. Бұл кәсіби деңгейде болмаса да, жоғары сапалы әуесқой деңгейдегі шыңға көтерілу болсын. Жол оңай болған жоқ. Тұман мен жаңбырлы ауа-райы да белгілі бір қолайсыздықтар тудырды. Бірақ, сарбаздың жалғыз мақсаты - қашықтықты соңына дейін бағындыру және бар күшімен, ұжым болып жету дегендей, шыңға көтерілген соң, дәстүрлі түрде Қазақстанның биікте желбіреді", деді Алматы қ. ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Ол бұл іс-шара қазақстандық полиция күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл жастарға патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбие тұрғысынан жақсы үлгі болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар