Павлодар облысында пансионатта қарт адамдарды азаптау фактілері анықталды

1076
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Pixabay
Сурет: Pixabay

Павлодар облысында қарт адамдарға қатыгездік көрсетілген жантүршігерлік жағдай анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ақсу қаласының прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде бейнежазбаларды зерттей келе, егде жастағы азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетілгенін анықтады. Прокуратура қызметкерлерінің мәліметінше, пансионат қызметкерлері екі қарт адамды ұзақ уақыт бойы қорлап, қатыгездік көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі – 84 жастағы қария. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз далада ұстаған.

"Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында жантүршігерлік фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі - 84 жаста. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі ("Азаптау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталған. Тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат жарияланбайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер