Атырауда “Worldskills Atyrau-2021” чемпионаты басталды

1159
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде VI "Worldskills Atyrau-2021" чемпионатының ашылуы өтті. 

Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы өкілдері және жұмыс беруші әлеуметтік серіктестер қатысты.

24-28 мамыр аралығында өтетін чемпионатқа облыстың 19 колледжінде білім алатын 170-ке жуық студент қатысқалы отыр. Биылғы чемпионаттың бір ерекшелігі құзыреттілік аясының кеңеюі. Осы жолы қатысушылар 33 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Студенттер арасында үздіктер мен мықтыларды республикалық жарысқа алып барамыз. Республикалық додада кем дегенде 3 алтын алуды жоспарлап отырмыз, – деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ербол Хамзин.

Пікірлер