Юрий Шатуновтың анасы қазақ болып шықты

4510

Юра Шатуновтың қамқоршы ҚАЗАҚ анасы БӘТИМА
ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы СССР-дегі ең танымал топ «Ласковый май» екенін бәрі де біледі, топ әншісі Юра Шатуновтың өнеріне миллиондаған табынушылары болғандықтан, күшейтілген күзетпен ғана жүретін жағдайға жетті, бұл топ туралы «Ласковый май» деген сериал да шықты, сонда 13-16 жастағы қыздар Юраны қолға түсірсе тырнақтарымен-ақ бөлшектеп алып кететін жағдайға жеткенін көруге болады.
Ал, жетім қалған Юраны қамқорлығына алып қатарға қосқан қазақ әйелі – Бәтима Болсынқызы Тазакенова екенін айтпай, Валентина Николаевна Тазикинова деп жасырып келді.
Орыстар талантты әншіні тағдыр тәлкегінен аман алып қалғаны үшін осы қазақ әйеліне қарыздар.
Бәтима Болсынқызы Тазакенова 1946 жылы 25 наурызды Чкалов облысындағы Чебенки елді мекенінде дүниеге келді. 1969-1972 жылдары Орынбор педагогикалық институтында оқыды. «РФ-на еңбегі сіңірген мұғалімі», педагогика ғылымының кандидиты, «Отан алдында еңбегі сіңгені үшін» медалін В.В.Путиннің қолынан алған.👍 2015 жылы 7 қаңтарда Орынбор қаласында қайтыс болды.
Ресейдің эстрада жұлдызы Юрий Шатуновқа қалай қамқоршы ана болып жүр?
Юрий Шатунов 1973 жылдың 6 қыркүйегінде Башқұрт АССР-нің Кеміртау қаласында дүниеге келді. Әкесі Василий Клименко (1950-2020), анасы Вера Шатунова (1955-1984). Әкесі баласынан бас тартқаннан соң, анасы өзінің фамилиясына жаздырып алды. 1975 жылы екеуі ажырасып кеткесін, Юра нағашы ата-әжесінің қолында өседі. 1977 жылы атасы қайтыс болғасын Вера баласын қолына алғанмен, екінші күйеуі маскүнем болғандықтан, мектепке баратын жылы Кеміртаудағы мектеп интернатқа тапсырады. 1984 жылы 7 қарашада анасы Вера арақтан уланып өлген соң, артынан келетін ешкімі болмағасын Юра интернаттан қашып кетіп қаңғыбастық өмір кешіп, Башқұртстан мен Орынбор облысында кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияға ұстатпай жүреді, ұстап хаттама толтырып интернатқа тапсырғанмен одан да қайта қашып кетіп жүрді. Орынбор облысындағы Ақбұлақ поселкесіндегі мектеп интернатта директоры Бәтима Болсынқызы, инспекция қызметкерлері ұстаған 11 жастағы қаңғыбас Юра Шатуновтың ісі туралы шақырғанда, көк көзді сүйкімді орыстың баласын аяп, өзінің қамқорлығына алады. Алайда, көп ұзамай Бәтима облыс орталығы Орынбор қаласындағы № 2-ші интернат директорлығына қызметі өсіп, кетіп қалғанда, Юра қайтадан қашып кетіп қаңғыбастыққа салынады. Мұны естіген Бәтима Болсынқызы Юра табылған кезде, өз интернатына аударып алады. Орынбордағы осы интернаттағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстырады. Осы үйірме жетекшісі талантты музыкант Сергей Кузнецов Юраның дауыс ерекшелігін байқап, топ құрды, құрамында В.Пономарев және С.Серіков болды. Жетім балалардан құрылған бұл топтың «Лето», «Белые розы», «Седая ночь» «Пусть будет ночь» т.б. әндерімен танылып шақыртулар ала бастайды. Өздерінің осы әндері сұранысқа ие екенің біліп, қазіргі тілмен айтқанда «хит» әндерін магнитофон кассетасына жазып, Орынбор вокзалындағы жолаушыларға сата бастайды. Осындай кассетадағы әндерін поезд үстінде естіген, «Мираж» тобының менеджері Андрей Разин жолдан түсіп қалып қайтадан басқа поезға отырып Орынборға келіп, талантты жас жетім музыканттарды Москваға алып кетіп, продюссері ретінде «Ласковый май» тобын құрып, ең бай адамдардың қатарына қосылады.

1991 жылдың 25 желтоқсанында Алла Пугачеваның «Рождественские встечи» кешінде жеке ән айтқасын, 1992 жылдың қаңтарынан бастап жеке әнші болып келеді.
2013 жылы өзінің қазақ анасы Бәтима Тазакенова басқаратын Орынбор балалар үйіне тексеру жүріп, соңы қылмыстық іс қозғалғанда, Юра Шатунов анасына араша түсті, 30 жыл болған директорлық қызметінен кеткен соң, екі жылдан соң жүрекке түскен кеселден қайтыс болғанда, Юра Шатунов өзінің парақшасына мынадай көңіл айту жазып жолдады: «Валентина Николаевнаның орны мен үшін ерекше. Ол маған аналық жылу мен махаббатты сыйлады. Арамызда енді жоқ екенін сезгенде, көңілім құлазып кетті. Оның өте қамқор және қайырымды болғаның жалғыз мен ғана емес бәріміз де білетінбіз. Бейнесі есімізде сақталып және бізге жетіспейтін болады».

 

Бақытжан АБДУЛ-ТҮМЕНБАЕВ,

тарихшы, журналист-дайджест.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар