«Ақ жол» құрылыс кәсіпорындарын қолдады

659

«Ақ жол» құрылыс саласының кәсіпорындарын қолдап, Бас прокуратурадан мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қысқы бағаның өсу коэффициентінің заңдылығын қарауды сұрады. Тиісті депутаттық сауалды фракция депутаты Д.Еспаева жолдады.

ҚР Бас прокурорына

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына Ақтөбе облысы кәсіпкерлері тобының қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын (бұдан әрі - ҚМЖ) жүргізу кезінде қосымша шығыстарды (қысқы қымбаттау) мемлекеттік бюджетке қайтару туралы сот талап-арыздары бастамашылық еткен өтініші негіз болды.

Өтініштен көрсетілгендей, осындай проблемаға Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының құрылыс бизнесі субъектілері тап болып отыр.

Өтініш білдіргендердің айтуынша, жергілікті прокуратура органдары мердігерлерден мемлекеттік бюджетке қысқы уақытта жұмыс жүргізу кезінде қосымша шығын ретінде орындалған жұмыстардың жалпы құнының 2% мөлшерінде сметада көзделген қаражатты қайтаруды талап етіп, мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізген.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар орындалған жұмыстардың түпкілікті төлемін кешіктіре бастады, ал ақысы төленген шарттар бойынша олар сотқа жүгіне бастады. Бұл мердігер көктемгі және жазғы уақытта жұмыс істегендігімен және тиісінше қысқы коэффициентті ескермеуге тиіс екендігімен негізделді. Осы дәлелдердің негізінде кейбір соттар сот істерін қанағаттандырады. Бірақ бір парадокс бар, елімізде осыған қарама-қайшы келетін сот практикасы пайда болды.

Мысалы, Ақтөбе облысында барлық шешімдер тапсырыс берушінің пайдасына шығарылады, бірақ сот шешімінің мердігерге де пайдасы бар, Маңғыстау облысында да шешімдер мердігерлік ұйымдардың пайдасына қабылданады. Мердігер ұйымдардың тараптарын қабылдаған соттар өз шешімдерін негіздейді және біз жұмыстардың Мемлекеттік нормативтерге және тиісті министрліктің бұйрығына сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама негізінде орындалғанына толық келісеміз.

Қосымша шығындар нормаларының 1-тармағына сәйкес сметалық нормалар қысқы уақытта ҚМЖ өндіру кезінде қосымша шығындарды анықтау үшін қолданылады. Бұл ретте, осы нормативтік құжаттың 4-тармағында құрылыстың түрлері бойынша сметалық нормалар орташа жылдық болып табылады және орындалған ҚМЖ үшін есеп айырысу кезінде құрылыс жүзеге асырылатын жылдың нақты уақытына қарамастан, жыл бойы қолданылады деп айқындалған.

Қысқы бағаны қолданудың заңдылығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Электрондық үкімет» порталындағы жауабымен расталады.

Бұдан басқа, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 21-бабына сәйкес ҚМЖ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берілетін жұмыстардың жалпы құнын көздейтін, белгіленген тәртіппен бекітілген ЖСҚ-ны қамтуы тиіс байқау құжаттамасы әзірленеді. Осы Заңға сәйкес шарттың түпкілікті бағасы әлеуетті өнім берушінің байқауға қатысуға өтінімде көрсеткен бағасы болып табылады.

Бұл ретте, мердігерлер мердігерлік жұмыстарға арналған тендерге қатыса отырып, әдетте, қысқы үстеме ақыдан басқа сметада көзделген басқа да шығындарды қамтитын, тапсырыс берушілер көрсеткен бағадан кем дегенде 10 %-ға аз бағаны көрсетеді. Осыған байланысты, прокуратура органдарының ұсынымдарында баяндалған тұжырымдар мен тапсырыс берушілердің орындалған жұмыстарға толық ақы төлеуден және бұрын төленген сомаларды қайтарудан бас тарту туралы дәлелдері заңға негізделмеген және ҚМЖ-дағы шарттарды орындау жөніндегі істердің объективті жағдайына сәйкес келмейді.

Бұл жағдайда тапсырыс берушілердің заңсыз әрекеттеріне байланысты көптеген кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерге жалақыны уақтылы төлемеуден бастап, салықтық және басқа да міндеттемелерді орындауға дейін айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырайды. Бұл сондай-ақ бизнестің азаматтық-құқықтық қатынастардың адал субъектісі ретінде мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Нәтижесінде, бұл кәсіпкерлік қызметті негізсіз шектеу болып табылады.

Құрметті Ғиззат Дәуренбекұлы! Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы бизнес проблемаларын тиімді шешуге баса назар аудара отырып, прокуратураның қадағалауын қайта бағдарлау міндетін қойды.

Іс жүзінде прокуратура органдары тапсырыс берушілерге қосымша шығындар үшін соманы қайтару туралы ұсыныс жасай отырып, заңды өздері бұзып отыр. Олар кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудың орнына, бизнесті жоюға септігін тигізу бойынша шешім қабылдады. Бұл мәселе туралы Мемлекет басшысы 15.02.2021 жылы Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кездесуде айтқан болатын.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» фракциясы төмендегілерді сұрайды:

  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар және қысқы қымбаттау коэффициенті бойынша өңірлердегі прокуратура органдары талаптарының заңдылығын қарау
  • Мемлекеттік органдардың атына жіберілген Ақтөбе облысы және басқа да облыстар прокурорларының қысқы қымбаттау коэффициентін ұстап қалу жөніндегі ұсынымдарын кері қайтару.
  • Ұқсас сот талаптары бойынша түрлі облыстарда әр алуан құқық қолдану практикасының жүргізілуіне түсінік беру.

Кәсіпкерлер тобының өтініштерін 17 бетте қоса жолдаймыз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы