Назарбаева жекеменшік балабақшалардағы жалақы мәселесін көтерді

3877
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жекеменшік балабақша педагогтерінің жалақысын арттыру мәселесін тағы бір мәрте көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

10 ақпанда Мәжіліс депутаттары жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру, атап айтқанда, олардың жеткіліксіз қаржыландырылуына қатысты мәселені көтерген болатын.

«Нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражатының жеткіліксіздігі мәселесі бар облыстардың әкімдіктері осы жылы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жіберді. Алайда тиісті ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінбеді. Не себепті бұл қаржыландыру 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде ескерілмеді?»— деп сауал тастады Назарбаева.

Айта кетейік, бұған дейін депутат жекеменшік балабақшаларға көбірек көңіл бөлінуі керек екенін айтқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер