Бекболат ҚАРЖАН: Қазақ жігіттері жалқау болса мақтап жататын Елорда салынбай қалар еді

5845
Adyrna.kz Telegram

Біз Астананы салып жатырмыз! 

Қазақтың жігіттері жалқау деп қазаққа жаны қас, ділі мен ниеті бұзылған, еңбек етпейтін, пара алатын, арам терін төкпейтін қаскөйлер ғана айтады. Қолыңнан келсе жігер бер, дұрыс жол көрсет, шамаң келсе көмектес. Сонда көресің қазақты баласының потенциалын. Қазақтың жігіттері жалқау болса сендер мақтап жататын Астана салынбай қалар еді. 

Мен өзбекті де, тәжікті де, түрікті де, орысты да көрдім. Ешқайсысы қазақтың боласы істеген мынау жұмысты жарытып істей алмайды. Оған өз көзіммен көріп, кепіл болғанмын. Бар болғаны 4 жігіттің жұмысын өткен жылы 15 тәжік істей алмады. Шұқырлап жүйкені тоздырып жіберген.

Ал, қазақтың жігіттері жалқау емес, табиғаты өте мықты, өте төзімді. Мынау монолит деген оңай жұмыс емес. Жұмыстың ең ауыры осы. Беліңді майыстырып жібереді. Түртіп қалсаң құлап қалатын ақсаусақтар мынау жұмысты істемек түгілі, алыстан көріп қашады. Қаншалықты ауырлық көріп жүрсе де, осы жігіттер қыңқ демейді. Небір шойын жұдырық, қара күштің иелері бізбен жұмыс істеді. Рухтарында қасқырдың рухы бар да. Бірен саран мақауларға бола жігіттердің бәрі жаман деген сөз емес.

Мен алдыңғы үлкен буынды да көрдім. Ал, мынау жігіттер тегіс жап жас жігіттер. Жапырып істеп тастап жатыр. Анау да жаман, мынау да жаман деп қыңқылдағаннан жақсысын орыс, неміс, кәріс, жапон саған әкеліп бермейді. Одан да осы жігіттерді бағалап, бағыт берейік.

Қазақтың жігіттерін еркелетпеңіздер. Аямай қамшылаңыздар, ісін бағалаңыздар! Ақысын жемеңіздер!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер