SJMED жобасы: шешім журналистикасы Қазақстанда медициналық тақырыптарды қамту тәсілін өзгертеді

772
Adyrna.kz Telegram

28 қарашада Астанада SJMED (Solutions Journalism in Medicine) жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жобаны 2024 жылдың маусымынан қараша айына дейін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдауымен, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жүзеге асырды.

Жобаның мақсаты – шешім журналистикасы* жанрын қолдана отырып, медицина тақырыптарына арналған журналистік материалдарды түсінікті, қызықты, пайдалы және дәйекті ету.

«COVID-19 пандемиясы шынайы ақпаратқа қол жеткізу аурулардың таралуының алдын алуда және әрбір адамның денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетті. Фактілерге негізделген жауапты журналистика адамдарға саналы шешім қабылдауға көмектеседі – бұл вакцинацияға, алдын алу шараларын сақтауға немесе медициналық көмекке уақытылы жүгінуге қатысты болса да », – деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

«ЮНИСЕФ денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселелерді қамтитын БАҚ әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Біз сапалы ақпарат өмірді сақтайтынына , ал медициналық тақырыптарда материалдарды кәсіби түрде әзірлеу қоғамның сенімін арттырып, оны жаңа сынақтарға дайын болуға көмектесетініне сенеміз», – деді доктор Сарвар.

Қазақстанның түрлі өңірлерінен 50 журналист шешім журналистикасы, фактчекинг, сторителлинг, тиімді шешімдердің дәлелдерін табу және оларды түсінікті тілмен түсіндіру бойынша вебинарлар сериясынан өтті.

«SJMED сияқты жобаларды қолдай отырып, USAID тек денсаулық туралы маңызды ақпаратты жеткізіп қана қоймай, адамдар мен қауымдастықтарға өздерін қалай қорғап, денсаулықтарын сақтай алатындығын түсіндіретін сапалы журналистиканың дамуына ықпал етеді. Бұл денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға және жаңа сын-қатерлерге дайын болуына маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті USAID-тың Орталық Азиядағы миссиясының атқарушы директоры Моник Мосолф.

Жоба қатысушылары тәжірибелі мамандардың оқуларынан өтті. Олар:

  • Дмитрий Мазоренко (Vlast.kz редакторы) – «Шешім журналистикасы жанрында қалай жазу керек».
  • Павел Банников (OSINT маманы) – «Фактчекинг».  
  • Джамиля Маричева (Protenge.kz бас редакторы) – «Ауқымды деректерді түсінікті етіп жазу».  
  • Оксана Акулова (журналист) – «Мединалық тақырыптармен жұмыс істеп үйрену».  
  • Асел Мұсабекова (биолог, ғылымды насихаттаушы) – «Медицина жайлы қалай жазамыз».  

Екінші кезеңге ең белсенді 20 қатысушы іріктеліп, олар вакцинация, қазіргі және жаңа вирустармен күрес, антибиотиктердің бақылаусыз қолданылуы мәселелері туралы 21 бірегей мақала дайындап, жариялады. Бұл материалдардың жалпы қаралым саны 235 мыңнан асты. Журналистер Елжан Біртанов, Ботагөз Каукенова, Анатолий Иванов-Вайскопф, Оксана Акулова, Қалима Тәжігүл, Елнұр Әлімова сияқты тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жұмыс істеді.

«Халыққа түсінікті тілде жазылған медициналық тақырыптағы материалдар, онда тек денсаулық сақтау мәселелері көтеріліп қана қоймай, олардың шешу жолдары да ұсынылса, көптен күткен қаралым санына қол жеткізе алады. Мұны «Әділ сөз» қоры мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен SJMED жобасы айқын көрсетті. Кішігірім факт – жекелеген жарияланымдардың өзі 40 мың қаралымға дейін жинады», – деп атап өтті жоба тәлімгері Анатолий Иванов-Вайскопф.

Сәтті шыққан жұмыстар:  

  • Ирина Волкова. «Нездоровый кэшбек» - о проблемах бесконтрольного использования антибиотиков»
  • Марина Низовкина. «Всегда ли любовь к кошкам и стейкам доводит до токсоплазмоза?»  
  • Дана Нұрмұханбет. «Табиғи апаттан кейінгі індет. Сақтанудың жолы бар ма?»  
  • Айнұр Шошаева. «Соғым маусымы келе жатыр»: Қазақстанда сібір жарасының алдын қалай алуға болады?»  

«COVID -19 көрсеткендей, жаһандық пандемияларға дайындық тек денсаулық сақтау жүйесіне ғана байланысты емес. Ол азаматтардың өз денсаулығын қорғау үшін дұрыс шешім қабылдауына және қаншалықты жақсы әрі уақтылы ақпараттандырылғанына да байланысты. «Шындық шалбарын киіп үлгергенше, жалған ақпарат әлемді шарлап үлгереді». Сол себепті әлеуметтік желілер дәуірінде бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан инфодемияның алдын алу бойынша кез келген жұмыс привентивті сипатқа ие болып, мәселелер туындағанға дейін жүргізілуі тиіс. Қытайлар айтқандай, «боранда тыныш ұйықтау үшін», аспаны ашық күндерде күш салып, сапалы әрі дәлелді медиа өнімдерін жариялауға қолдау көрсету қажет. Дәл осы себепті «Әділ сөз» қоры шешім журналистикасы жанрында жұмыс істейтін журналистерді жүйелі түрде қолдап, денсаулық сақтау саласында осы жобаны іске асырды», – деп атап өтті «Әділ сөз» қорының президенті Карла Джаманкулова.

Жоба туралы толық ақпаратты – https://solvefuture.kz/sjmed/ cайтынан біле аласыз.

Пікірлер