Қостанайда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

1573
Adyrna.kz Telegram

«Ұлы педагог Ы. Алтынсариннің мұрасы және оның қазақстандық білімнің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және алғашқы қазақ педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бектайұлы Бейсембаев және академияның бірқатар көрнекті қайраткерлері, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова, білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова және мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов, облыстың білім беру өкілдері дөңгелек үстел барысында қазақстандық білім беруді дамыту перспективасының маңызды мәселелерін талқылады.

Белгілі қазақстандық ғалымдар, ҰБА мүшелері Есім Ғарифолла, Серік Нығыметоллаұлы Негимов, Жауымбай Амантұрлыұлы Қараев Академия жұмысының басым бағыттары туралы, қазіргі педагогикадағы Алтынсариннің идеясын сақтау маңыздылығы туралы айтып берді.

Зиялы қауым өкілдері, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері ағартушының туған еліне тағзым етуге, педагогтің мавзолейіне, оның есімімен аталатын мұражайға барып, Қостанай жерінің ұлы перзентінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ыбырай Алтынсарин қазақ ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды.

Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосқан ғалым-ағартушы білім мен тәрбиеге ерекше мән берді. Ол қазақ жастарын оқуға, өнерге, елдің болашағына үлес қосуға шақырды. Біздің ортақ міндетіміз – Ыбырай Алтынсариннің мұрасын сақтау және оны жас қазақстандық ұрпақтарына жеткізу.

Пікірлер