Рәміздер күні: Қостанайдағы ерекше флэшмоб

3212
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері көлемі 18 шаршы метр болатын Мемлекеттік Ту бейнеленген пазлды құрастырды. Ерекше флэшмоб Мемлекеттік рәміздер күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің елімнің туы» патриоттық акциясы аясында өтті.

«Этномәдени бірлестіктер мен еріктілер қозғалысы орталығының белсенділері облыс әкімдігі алдындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру үшін жиналды. Флэшмоб қазақ халқының ұлттық биінен басталды, оны «Зарянка» хореографиялық ұжымы Құрманғазының әуенімен орындады. Қорытынды бөлімде «Индиго» ұжымының бишілері ПВХ пазлдарынан Қазақстан туын құрастырды. Жалауша ұстаған ҚХА еріктілері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері ұлттық киімдерімен шығып, орталық алаңды мерекеге ұластырды», - дейді флэшмоб қатысушысы Дарья Щербакова.

Флэшмобқа қатысушылары бұл эстафетаны Отанға деген сүйіспеншілігін білдіргісі келетін барлық қазақстандықтарға жолдады. Акция маусым айының соңына дейін жалғасады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер