Ashyq сервисі Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді

36805
Adyrna.kz Telegram

Пандемия жағдайына байланысты қоғамдық орындарда "Ashyq"сервисі әлдеқашан іске қосылған болатын. "Ashyq" сервисі QR-код көмегімен және Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін, оның вирус тасымалдамайтынын анықтап береді. "Адырна" ұлттық порталы Қазақстанда тағы да оң өзгеріс орын алып, жаңа жоба іске қосылғанын хабарлайды.

Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылған. Айта кетейік, Halyk Bank клиенттері үшін Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігі енгізілген еді. Яғни  Halyk Homebank қосымшасындағы Ashyq сервисін қолдана ма, әлде жоқ па банк клиентінің өз еркінде болмақ. Алайда қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада пайда болады.

"Ashyq" сервисі енді Halyk Homebank қосымшасына енгізілді. Бұл танымал қосымшаны қолданатын 6,5 миллионнан астам ел азаматы денсаулығына қауіп төндірмей, қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін алды деген сөз .

Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Мемлекеттік органдармен осындай бірлесе атқарған жұмыс және Halyk Bank-те іске қосылатын технологиялардың арқасында банк клиенттерінің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп отыратын болады. Halyk Homebank қосымшасын және оған біріктірілген Ashyq сервисін пайдалана отырып, қазақстандықтар сүйікті орындарына кедергісіз бара алады, - дейді Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Halyk Bank өз клиенттері үшін арнайы Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігін енгізді. Сервисті іске қосу немесе оны қосымшада өшіру – банк клиентінің өз еркінде. Егер клиент Ashyq сервисін қолданамын деп шешім қабылдаса, онда қажетті мекемеге бару кезінде Halyk Homebank қосымшасын ашып, функционалды қосу арқылы мекеменің кіре берісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. Нысанға кіруге рұқсат беретін тиісті мәртебе көрсетілгеннен кейін мекеме қызметкеріне кіруге рұқсат мәртебесін көрсетуі керек.

Біз пандемия кезінде бизнеске көбірек мүмкіндік беру және халық арасында вирус жұқтыру қаупінің төмендеуіне ықпал етуге деген ниетімізді Halyk Bank басшылығы қолдады. Енді Ashyq сервисін Halyk Homebank қосымшасында қолдануға болады. Банктің бизнесті қолдау туралы біздің ұсынысымызды қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді! Ірі коммерциялық құрылымдармен ынтымақтастық мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті инновациялар және аэроғарыш қызметі цифрландыру министрі Бағдат Мусин.

Сонымен қатар Halyk Homebank қосымшасы арқылы QR сәйкестендіруді қажет етпей-ақ кез келген уақытта өз мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасына кіріп, басты беттегі Ashyq бөлімін таңдау қажет. Қоғамдық орындарға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін мәртебе смартфон экранында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қосымшада берілген мәртебенің 4 деңгейі бар:

  • Қауіпсіз - ешқандай шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс
  • Бейтарап - Шектеулер тек ПТР сынағы қажет ететін жерлерде ғана
  • Байланыс - объектілерге баруды ішінара шектеу
  • Жұқтырған - қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР сынағы оң.

Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасын жаңарту  өте маңызды. Жақындарымызға жанашыр болғымыз келсе, әуелі өзімізден бастағанымыз абзал.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер