224 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

3274
Adyrna.kz Telegram

Биыл 224 түлек аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бірыңғай тестілеу — әрбір мектеп бітіруші түлектің болашағын айқындайтын сынақ . Биыл елімізде 123 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. Оның ішінде 92 458 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тапсырды. Ең жоғары балл – 140.

Ал 224 түлек аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылып отыр. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 563 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылған. Тестілеуге кіргізу кезінде 9 түлектің дене қызуы көтерілген. Олар ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Айта кету керек, тестілеу кезінде әрбір түлектің қимыл- қозғалысы ахуалдық орталықта «бір тестіленуші – бір камера» қағидаты бойынша бақыланады. 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер