«Мотивация – уақытша нәрсе». ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған түлектердің жетістік кілті неде?

738
Adyrna.kz Telegram

2025 жылдың наурыз айында өткен ақылы білім алуға арналған ҰБТ-да үш оқушы ең жоғары140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Еңбекшіқазақ ауданының Толқын орта мектебінің 11 сынып оқушысы Санжар Қуандық тестілеуден ең жоғары балл жинаған алғашқылардың бірі. Санжар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін таңдаған. Алматы қаласындағы №126 мамандандырылған лицейінің және «Тарих мектебі» онлайн дайындық орталығының 11-сынып оқушысы Жанболат Сәрсенбай да ең жоғары 140 балл жинады. JUZ40 курсының түлегі, астаналық түлек Аягөз Ақановада 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті. ҰБТ-да мүмкін болған ең жоғары балл жинау үшін не істеу керек? Жас түлектер оқиғамен бөлісті.

САНЖАР ҚУАНДЫҚ

– ҰБТ-ға дайындықты қашан бастадыңыз?

JUZ40 курсына келмес бұрын менің базалық білімім қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жақсы болды. Сондықтан бұл пәндерді таңдауды шештім. Алғашқы іріктеу тестінде 88 балл жинадым, содан кейін жүйелі дайындыққа кірістім.

Дайындық барысында күніне қанша уақыт оқыдыңыз?

– Күнде 9 сағат ұйықтадым. Теориялық тесттерді талдайтын күндері таңғы 7:00-ден түскі 12:00-ге дейін сабақ оқыдым. 15:00-тен 18:30-ға дейін сабаққа қатыстым. Үйім алыс болғандықтан, кеш қайтып, бірден ұйықтап қалатынмын. Басқа күндері түскі уақытта 1 сағат демалып, содан кейін тоқтамай сабақ оқыдым. Себебі 4 баспанының кітаптарын оқу қиын, ал қазақ тілі мен әдебиетіне көп уақыт бөлу керек.

Қандай пәндер қиындық туғызды?

– Маған ең қиын болғаны – қазақ әдебиеті мен тарих. Бұл пәндерде қиналған себебім – мектепте басқа бағдарлама бойынша оқыдық. Ал ҰБТ сертификациясындағы сұрақтар басқаша болды. Әдебиетте ең қиыны – авторлар, шығармалар, тарихи кезеңдер, даталар сияқты ақпараттарды есте сақтау.

Қобалжу болды ма?

– Бір ай бойы өзімді 140 балл алатыныма сендіруге тырыстым. Күн сайын осыны ойлап, жоспар құрып, әрекет жасадым. Соның арқасында ҰБТ кезінде қобалжу болған жоқ.

ҰБТ кезінде қандай сезімде болдыңыз?

– Күліп кірдім. Себебі өзімнің 139 балл жинайтыныма сенімді болдым. Тек соңғы бір сұрақ 1 баллды шешетін сәтте 40 минут ойландым. Тестті аяқтау батырмасын басар кезде қатты қобалжыдым. Қол-аяғым дірілдеп, бетімді жуып келдім. «Аяқтау» деген белгішені басқанымда, 140 баллды көрген сәттегі сезімді айтып жеткізу қиын.

Болашақтағы жоспарыңыз қандай?

– Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғым келеді. Алдағы уақытта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсу жоспарымда бар.

ҰБТ-ға дайындалып жүргендерге қандай кеңес бересіз?

– Ең бастысы – жүйелі дайындық. Қиын пәндерден қашпау керек, керісінше соларға көбірек көңіл бөлу керек. Мотивация уақытша нәрсе, бастысы – тәртіп. Егер нақты мақсат қойсаң, жетістікке жетуге болады.

ЖАНБОЛАТ СӘРСЕНБАЙ

Жанболат, алдағы уақытта қайда оқуға түскіңіз келеді?

2025 жылдың наурыз айында дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі бойынша ҰБТ-дан 140 балл жинадым. Қазір көздеп отырған оқу орындарым – Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті және Сүлеймен Демирел университеті.

ҰБТ-ға дайындықты қашан бастадыңыз?

– 10 сыныптан бастап ҰБТ-ға дайындала бастадым. Ағылшын тіліне ерекше көңіл бөлдім, себебі бұл пән бойынша деңгейім төмен болды. Сонымен қатар, IELTS тапсыру міндетті болды. Сондықтан бүкіл 10 сынып бойы осы емтиханға дайындалдым. Жазда 6.5 балл жинадым.

Қандай пән қиынға соқты?

– Маған ең қиыны – дүниежүзі тарихы болды. Себебі бұл пәнде өте көп ақпарат бар. Бүкіл кітаптарды қамтып, арнайы ҰБТ сұрақтары жинақталған материалдарды оқуым қажет болды. Бұл мен үшін өте ауыр болды, бірақ барымды салып дайындалдым.

Дайындық кестеңіз қалай болды?

– Әр пәнге 2-3 сағаттай уақыт бөлдім, ал дүниежүзі тарихына күн сайын 6-7 сағат арнадым.

ҰБТ-ға дайындық барысында басты ұстаным қандай болды?

– Ең бастысы – тәртіп. Алдыма мақсат қойдым және сол мақсаттың жеңісін көргенше тәртіппен жүрдім. Уақытты тиімді пайдалану үшін нақты жоспар құру керек деп ойлаймын. Мен әр күнімді «нұсқа талдаймын, кітаптың осынша бетін оқимын» деп арнайы жазып жүрдім.

Демалыс та өте қажет. Егер адамға артық жүктеме түссе, ол керісінше, депрессияға түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан демалысты да дұрыс жоспарлау керек.

- Сұхбатыңызға рақмет! Алдағы Бірыңғай грант тестілеуіне сәттілік тілейміз!

Сымбат Наухан

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер