Не үшін? Алматыға 26 млн теңгеге жалдамалы шетелдік блогерлер шақырылмақ

712
Protenge Telegram-каналы 26 млн теңгеге 20 блогерге Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан ұшу ақысын төлейтінін хабарлады.
Бұл қаражатқа бес жұлдызды қонақүйде 5 күн тұруға, күніне үш рет тамақтанумен қатар Медеу, Көк Төбе және Жасыл базарға бару шаралары да кіреді екен. Блогерлерге ұлттық тағамдарды дайындау бойынша мастер-класс өткізіліп, ұшу алдында естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Блог-турда миллионнан астам адамды қамтитын 40 шетелдік трэвел-блогерлер мен медиа-персоналар болады, сондай-ақ 50 мың жазылушысы бар микро-инфлюенсерлер жұмыс жасайды деп жатыр. Басқармада шетелдік блогерлермен жұмыс істеу Қазақстан мен Алматыға келгісі келетін туристер санын арттырады деп жоспарлануда.
"Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС 26 млн теңгеге 20 адамнан екі блог-тур ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ, Гонконгтан келген блогерлер мен журналистер қатысады.
"Блог-тур бағдарламасы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ашатын танымал табиғи және қалалық көрікті жерлерді қамтиды", - делінген хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы 
 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар