Қытай құрығындағы Тәжікстан: Душанбенің қазіргі келбеті қандай?

3835
Adyrna.kz Telegram

Орталық Азия елдерінің ішінде Қытаймен экономикалық байланысын қарқынды түрде арттырып жатқан Тәжікстанның бүгінде келбеті үлкен өзгеріске ұшырауда. Таулы аймақтағы алтын кен орындарының тең жартысы Бейжіңге келісім бойынша берілген. 

«Зарафшон», «Тарор», «Джилау», «Хирсхона» мен «Олимпийское», «Пакрут» кен орындары Қытайдың қолына өткен. Тәжікстанда Zijin Mining Group Co. Ltd, China Nonferrous Gold Limited пен ТВЕА атты үш компания алтын кеніштерін бұрғылаумен, пайдалы қазбаны Қытайға жіберумен айналысып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды.

Сонымен қатар, Қытай тарапы өзге де кеніштерді иемденіп, түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұның барлығы Тәжікстанда қытайлардың көбеюіне әсер етіп, қалалар мен аудандарда Қытай мейрамханалары, емханалар мен сауда орындары, тіпті тұтастай базарлар салынуда.

Тәжікстанда қанша қытай ұлтының бары белгісіз. 2018 жылы 5486 қытай азаматына ресми қызмет етуге рұқсат берілген деректі мемлекеттік БАҚ өкілдері таратқанымен, бейресми қытайлықтардың саны 130-140 мың адамды құрайды дейді демографтар. Оны күнделікті күйбең тірлік барысынан ақ аңғару қиын емес сияқты.

Тәжік астанасы Душанбеде арнайы қытай азаматтарына арналған емхана ашылған. Оның бірден бір себебі жергілікті емхана қызметкерлері қытай тілін білмейді, сәйкесінше ауырған қытайлықтарды емдей алмайды. Бүгінде Тәжікстанда қытай жазуларымен аталатын мекемелер өте көп.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер