Бүгін бәріміз қан тамып тұрғандай қып-қызыл Айды көреміз

5152
Adyrna.kz Telegram
NASA агенттігі бүгін Айдың тұтылуы бойынша маңызды ақпарат берді. Азия мен Америка, Тынық мұхиты аралдарының, Солтүстік және Оңтүстік Кореяның тұрғындары бүгін қып-қызыл, қан түстес айды көре алады.
Айдың тұтылуы Гринвич уақыты бойынша 08:47 басталады. Гринвич уатықымен 11:11 және 11:26 шамаларында Ай Жердің бетін толық жауып үлгереді. Бұл процесс Азия-Тынық мұхиты аралдары мен Солтүстік Корея, Оңтүстік Америка елдерінің тұрғындарына анық көрінеді.
Айдың осылай тұтылуы 10 жылда бір рет қайталанады. Бұл кезде Ай ең алыс нүктеден 30% жарық және 14% үлкен болып көрінуі мүмкін. Жерге жақындауы шамамен 50 000 км жуықтайды.
NASA мамандарының айтуынша, Ай қараңғыланып, қызыл түске айналады. Айдың түсі тұтылуға байланысты өзгереді, ал жер атмосферасында шаң немесе бұлт неғұрлым көп болса, ай соғұрлым қызыл болып көрінеді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер