Ақтөбе облысында автокөлік жолаушысы оқиға орнында көз жұмды

3103
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы  Темір ауданының "Ақтөбе-Астрахань" автожолының 189 шақырымында "Рено Дастер" маркалы автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып,  "Камаз-53212" маркалы жүк автокөлігімен соқтығысты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Рено Дастер" автокөлігінің 42 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды және екі жолаушы Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Тексеру барысында полицейлер "Рено Дастер" автокөлігі жүргізушісінің өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша бүгінгі күні ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережесін  бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші енді 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер