Гиеналардың асқазанындағы өт сұйықтығы сүйекті ерітіп жібереді екен

3709
Adyrna.kz Telegram
Кеше Гиеналар туралы бағдарлама қарадым. Дүниежүзінде жарақаты тез жазылатын хайуан Гиена екен. Арыстанның тістегені, өгіздің тепкені деген сияқты жарақаттар ерекше тез тартылып, организм қайта қалпына келеді. Ол аздай, Гиеналардың асқазанындағы өт сұйықтығы сүйектерді үгітіп жіберетін деңгейде улы екені дәлелденген.
Оның үстіне, Гиеналар туралы "Өлексе жегіш" деген стереотип жабысып қалса да, олар шын мәнінде өз жемтігінің 60-70% өздері табады екен. Татулық пен ұйымшылдықтың арқасында қарындары тоқ. Егер арыстан мен қасқырлар әлсіз хайуанды көзбен көріп, байқап, таңдап ұстауға тырысса, Гиеналар Зебра, Гну, Өгіз сияқты хайуандарың арасынан "әлсізді" мұрнымен сезетінін кеше ғана білдім. Яғни Гиена, ауру хайуанның инфекциясын мұрнымен сезіп, сол ауруды ұстауға тырысады екен.
Қысқасы, Гиена деген нағыз өлмеудің, неғұрлым тірі қалудың, жұлып жеудің және ұйымшылдықтың символы деп атауға болады. Өте қызық хайуан.
Самат НҰРТАЗА
Пікірлер