Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды

3872
Adyrna.kz Telegram

Алматы маңындағы тас жолда жеңіл көлік екі жүк көлігінің астында қалып қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

17 мамырда таңертең Көкөзек ауылының маңында ауыр апат болды. Куәгерлер оқиға орнынан қызыл түсті жеңіл көліктің екі ауыр жүк көлігінің арасында қалай қысылып қалғанын бейнелейтін кадрларды жариялады.

Полицияның хабарлауынша, оқиға шамамен сағат 10.00-де Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жібек жолы - Елтай - Боралдай тас жолында болған.

«Hualing жүк көлігі кептеліс кезінде арақашықтықты сақтамай Mazda 626-мен соқтығысты, ол инерциямен алдыңғы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алды. Ол жақын маңдағы ауруханаға түсті», деп хабарлады облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғандығы атап өтілді.

Instagram-да @kris.p.online парақшасы оқиғаның видеосын жариялады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер