Ұлттық халық санағына дайындық пысықталды

1785

2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығына жоспарланған ҚР халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге Шымкент қаласының ұйымдастыру мен нұсқаушылық мәселелерін шешу жөніндегі арнайы комиссиясының отырысы өтті.

Басқосуда аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары пысықталды.

Жиында ұлттық халық санағының маңыздылығына тоқталып, бұл жолғы санақтың бұрынғыдан басты ерекшелігі – электронды форматта өткізілетіндігінде. Ұлттық санақты жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстарын жандандыру қажет.

Комиссия отырысында Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев ұлттық халық санағына дайындық барысы туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, 1-30 маусым аралығында халық санағына дайындық кезеңі өткізіледі (санақтың 1-кезеңі). Яғни тұратын халық саны мен мекенжай бөлігін нақтылау үшін тұрғын жайларды, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) мен тұрғын емес үй-жайларды аралау жұмыстары жүргізіледі. Және аталған жұмыстарды жүргізу үшін 300-ге жуық санақ персоналын (38 нұсқаушы-бақылаушы, 263 интервьюер) тарту қарастырылған.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін санақ жүргізетін персоналды вакцина егілген адамдардың арасынан тарту мәселесі айтылды.

Бүгінде аудандарда ұлттық санаққа жәрдемдесу комиссиялары құрылып, жауапты мамандар бекітілген. Шымкент қаласында тұрақты және уақытша тұратын, бірақ тіркелмеген тұлғаларды дер кезінде анықтап, олардың дұрыс тіркелуі мен толық есепке алынуын тексеру жұмыстарын жүргізу халық санағын өткізудің дайындық жұмыстарының маңызды бір бөлігі.

Комиссия отырысында басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне дайындық мәселелеріне қатысты тиісті тапсырмалар жүктелді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер
Редакция таңдауы