Израильдің "Темір күмбез" системасы дүниедегі ең қуатты қару қатарына кірді

10528
Adyrna.kz Telegram
Қазір бүкіл әлем Израильдің әуе қорғанысын қамтамасыз ететін Зымырандардан қорғау кешені - "Темір күмбез" зымырандардан қорғау системасын мойындап отыр. Бұл жүйе тек теорияда емес, практикада да өзінің перспективасын көрсетті. Бұл кешен тек әскери оқу жаттығуда ғана емес, соғыс майданында да өзінің эффективті жұмыс жасайтынын паш етті.
Бүгінгі Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыста Палестина тарапынан атылған 130 зымыранның 128-ін қағып түсірген де осы система. Зымырап келе жатқан зымыранды сезгіштік қабілеті де өте жоғары. Қазір "Темір күмбез" зымырандардан қорғау системасы дүние жүзіндегі ең мықты қарудың қатарына кірді.
2000 жылдары Израильге Оңтүстік Ливан тарапынан үздіксіз қауіп күшейді, 2005 жылдан бері Газа секторы тарапынан қауіп бір сәтке тоқтаған емес. Сонымен қатар «Хезболла» мен "ХАМАС" тарапынан да шабуылдар жалғасты. Дәл осы тараптарды ликвидациялау мақсатында Израильге осы қаруларды жасап, қолданысқа енгізуге тура келді.
"Темір күмбез" зымырандардан қорғау системасы
Бұл система 4-70 шарықымға ұшатын, бағыты жоқ зымырандарды қағып түсіруге арналған зымырандардан қорғайтын әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қару. 2006 жылы шығарылып, 2007 жылы эксплуатацияға берілген. 2011 жылы қуаттандырғыш жүйесі толық жетілдіріліп, қайта іске қосылған. Система 20 ракетаны үшыруға арналған. Қазіргі Газа секторын зымырандармен атқылап жатқан да осы система.
Системаның дәлдік көрсеткіші - 100 пайыз. Нысананы толық өзінің бақылауына ала алады. Зымыран атылған кезде ПРО-ның жасырынып қаталын қабілеті де жеткілікті.
"Темір күмбез" зымырандардан қорғау системасы (РЛС) EL/M-2084 деп аталатын көп жақты радиолокациялық станциядан тұрады. Бұл станция жау тарапынан атылған зымырандардың траекториясын анықтап, оны қағып түсіруге алдын ала есеп жасайды. Есебінің мықтылығы сонша, оны қағып түсіру керек пе, әлде әлде қағып түсірмеу керек пе, ұшып келе жатқан зымыран нысанаға дәл тие ме, әлде бос аумаққа барып түсе ме, соған дейін есептеп тастайды. Егер ұшып келе жатқан зымыран бос аумаққа өтіп кетсе, оқты шығын қылып зымыранды атпайды. Егер зымыран тұрғын үй кешендері мен стратегиялық маңызы бар объектіні нысанаға алып келе жатса, онда РЛС зымыранды қағып түсіретін «Тамир» зымыранына команда беріп, жау тарапынан ұшып келе жатқан зымырандарды қағып түсіреді. «Тамир» зымыранының ұзындығы 3 метр, диаметрі - 160 мм, салмағы 90 кг болады.
ПРО жаудың зымыранын жоғары траекторияда өте жоғары дәлдікпен жарып жібереді. Кешегі Палестинадан атылған бағыты белгісіз зымырандарды осылай қағып түсірді. Осы методика арқылы жау қаруының химиялық, биологиялық, бактерологиялық қауіптілігінің деңгейін барынша төмендете алады.
Қазір Израильдің осы қаруына АҚШ-тың өзі, Оңтүстік Корея да қызығушылық танытып отыр. Сатып алуға де келісім шарттар жасасқалы жатыр.
 
жалғасы бар...
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер