Оралдық бойжеткен көпірден секіріп кетті

2182
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында бойжеткен көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 5 мамыр күні кешкі сағат 19.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 20 жастағы бойжеткен суицид жасағысы келген.

«Оқиға орнына құтқарушылар келіп, қызды судан алып шықты. Аталған жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді полиция өкілдері.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қызға ми шайқалу және іштің жабық жарақат алуы диагнозы қойылды. Бойжеткен облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер